Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Жаңа жобаны ғылыми талқылау

24.10.2018 147
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыруымен 2018 жылдың 24 қазанында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары және емле ережелерін көпшілік талқылау» жобасы аясында дөңгелек үстел өткізілді.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы жаңа қазақ әліпбиінің алғышарттарын қолдай отырып, қазақ елінің жарқын болашағы үшін бұл әліпбидің тиімді әрі қолайлы екендігі жайында сөз қозғады.

Ұлттық комиссия жанындағы Терминологиялық жұмыс тобының мүшесі Шерубай Құрманбайұлы жаңа қазақ әліпбиі және қазақ терминологиясы мәселесі төңірегінде талайдың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап болатындай пікірін ортаға салды. Алдағы уақытта жұмыс сапасының артуы үшін Орфографиялық жұмыс тобы мен Терминологиялық жұмыс тобының бірлесіп жұмыс істеуі туралы ұсыныс жасады.

Орфографиялық жұмыс тобының мүшелері Жантас Алтайұлы Жақыпов, Құралай Бимолдақызы Күдеринова сынды ғалымдар Елбасы бекіткен жаңа қазақ әліпбиі негізіндегі емле ережелері жобасы туралы тұжырымдарын халықпен бөлісті.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Латын графикасына көшуді үйлестіру басқармасының басшысы Жомартбек Қуатбекұлы Айменов қазіргі таңда жаңа әліпби бойынша атқарылып жатқан жұмыстар негізінде көпшілікке ақпарат ұсынды. Сондай-ақ әліпбиді жалпы жұртшылыққа таныстыру мақсатында 14 қарашада бүкілхалықтық диктант болатынын хабарлап, жиналған жұртшылықты осы акцияға белсене қатысуға шақырды.

Жаңа қазақ әліпбиі бойынша өрбіген тұжырымдар мен құнды пікірлерді қорытындылай келе, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Ердембекұлы Тілешов қорытынды пікір білдіріп, шараға қатысушыларға алғысын білдірді.

Дөңгелек үстел соңында жиналған қауым өз пікірлерін ортаға салып, ғалымдарға сұрақтарын қойды. Көпшіліктің көкейінде жүрген біршама сұрақ өз жауабын тапты деген ойдамыз.

«Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары және емле ережелерін көпшілік талқылау» тақырыбындағы әртүрлі әлеуметтік топ өкілдерінің арасындағы насихаттау шарасына қатысты өзге де ақпараттарды мына сілтемелерден толығырақ оқисыздар http://tilalemi.kz/article/1723-.html , http://tilalemi.kz/article/1707-.html , http://tilalemi.kz/article/1712 , http://tilalemi.kz/article/1726-.html , http://tilalemi.kz/article/1732 , http://tilalemi.kz/article/1733 , http://tilalemi.kz/article/1734-.html , http://tilalemi.kz/article/1745-.html , http://tilalemi.kz/article/1751-.html

Тегтер: қазақ, тіл, латын, Тіл-Қазына, емле, Астана
Авторы: "Тіл әлемі.кз" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

87 0

ақпарат

Астанада «Терминологияның өзекті мәселелері» атты республикалық әдістемелік семинар өтеді

45 0

ақпарат

Жаңа қазақ әліпбиі Алматы облысында насихатталды

108 0

ақпарат

Шерағаң шерткен шер