Әлеуметтік сала қызметкерлеріне жаңа әліпби ережесі таныстырылды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен ұйымдастырылып жатқан «Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары және емле ережелерін көпшілік талқылау...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

17 қазан, 2018

Ақ халатты абзал жандар мен ұлағатты ұстаздар қауымы дәуірлік талаптар мен жаңа қазақ әліпбиіне қатысты көкейкесті сұрақтарын ортаға салып, қоғамдағы белсенді топ өкілдері екендігін тағы бір мәрте танытты.

ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының орынбасары, Ұлттық комиссия жанындағы Ақпараттық сүйемелдеу жұмыс тобының мүшесі Ерлан Биахметұлы Саиров жаңа әліпбиді қабылдаудың алғышарттарына жан-жақты тоқталып, әліпбидің қазақстандық қоғамның жаңа кезеңіндегі ең қажетті таңдауы екендігін айтты.

Жұртшылықтың қойған сұрақтары мен ой-талқысынан жаңа әліпбидің қазіргі жаһандану кезеңіндегі замана ағымымен қатар қадам басуға мүмкіндік беретін маңызды құжат екендігін толық түсінетіндігі байқалады.

«Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары және емле ережелерін көпшілік талқылау» тақырыбындағы әртүрлі әлеуметтік топ өкілдерінің арасындағы насихаттау шарасына қатысты өзге де ақпаратты мына сілтемеден толығырақ оқисыздар. http://tilalemi.kz/article/1723-.html http://tilalemi.kz/article/1707-.html http://tilalemi.kz/article/1712


Баға беріңіз