Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Жұртшылықты елең еткізген талқылаулар

23.10.2018 132
​Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен ұйымдастырылып жатқан «Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары және емле ережелерін көпшілік талқылау» тақырыбындағы ақпараттық-насихаттау шарасы аясында 23 қазан күні №3 перинаталдық орталығында көпшілік талқылау, №68 орта мектебінде дөңгелек үстел, Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында семинар өткізілді.

Сонымен қатар Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының мәжіліс залында бір топ зиялы қауым өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Елбасының Жарлығын халқымыз қызу қолдап, үлкен жауапкершілікпен қабылдағанына бәріміз куә болған едік. Енді ұлттық әліпбидің емле ережелерін талқылау барысына да жетекші ғалымдар, сала мамандары, зиялы қауым өкілдері құлшына атсалысып отыр.

Бүгінгі латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі емле ережелерін талқылауға жиналған жұрт Ұлттық комиссия жанынан құрылған жұмыс топтарының беталысын да бағамдап, көкейіндегі қордаланған сауалдарын ортаға салысты.

Елбасы мақсат етіп қойған келелі істі жүзеге оңтайлы асыру – көппен бітетін міндет. Жазу тарихындағы еңселі кезеңде халқымыздың бей-жай қалмауы қазақстандықтардың биік өресін көрсетеді.


«Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары және емле ережелерін көпшілік талқылау» тақырыбындағы әртүрлі әлеуметтік топ өкілдерінің арасындағы насихаттау шарасына қатысты өзге де ақпараттарды мына сілтемелерден толығырақ оқисыздар http://tilalemi.kz/article/1723-.html , http://tilalemi.kz/article/1707-.html , http://tilalemi.kz/article/1712 , http://tilalemi.kz/article/1726-.html , http://tilalemi.kz/article/1732 , http://tilalemi.kz/article/1733 , http://tilalemi.kz/article/1734-.html , http://tilalemi.kz/article/1745-.html

Тегтер: қазақ, тіл, латын, Тіл-Қазына, емле, Астана
Авторы: "Тіл әлемі.кз" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

87 0

ақпарат

Астанада «Терминологияның өзекті мәселелері» атты республикалық әдістемелік семинар өтеді

45 0

ақпарат

Жаңа қазақ әліпбиі Алматы облысында насихатталды

108 0

ақпарат

Шерағаң шерткен шер