Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары және емле ережелерін көпшілік талқылау

19.10.2018 166
​Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен ұйымдастырылып жатқан «Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары және емле ережелерін көпшілік талқылау» тақырыбындағы ақпараттық-насихаттау шарасы аясында 17 қазан күні Қазақ Экономикалық, қаржы және халықаралық сауда университетінде, № 57 орта мектебінде, №77 мектеп-гимназиясында, № 2 қалалық ауруханада, Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясында көпшілік талқылаулар өткізілді.

Жұртшылықты жаңа әліпбиге көшу барысымен таныстыру және ақпараттандыру мақсатын көздейтін түсіндіру-насихаттау жұмысына Ұлттық комиссия жанындағы орфографиялық, әдістемелік, терминологиялық және техникалық-ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі жұмыс топтарының мүшелері, жетекші ғалымдар тартылды.


Оқытушы-филологтар мен студенттер қауымы емле ережелерінің негізгі қағидалары бойынша пікірлерін білдіріп, жиналғандар қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіруге байланысты көкейіндегі сұрақтарына жауап алды.

Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары және емле ережелерін көпшілік талқылау» тақырыбындағы әртүрлі әлеуметтік топ өкілдерінің арасындағы насихаттау шарасына қатысты өзге де ақпараттарды мына сілтемелерден толығырақ оқисыздар http://tilalemi.kz/article/1723-.html , http://tilalemi.kz/article/1707-.html , http://tilalemi.kz/article/1712 , http://tilalemi.kz/article/1726-.html

Тегтер: қазақ, тіл, латын, Тіл-Қазына, емле, Астана
Авторы: "Тіл әлемі.кз" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

87 0

ақпарат

Астанада «Терминологияның өзекті мәселелері» атты республикалық әдістемелік семинар өтеді

45 0

ақпарат

Жаңа қазақ әліпбиі Алматы облысында насихатталды

108 0

ақпарат

Шерағаң шерткен шер