Баршаға ортақ талқылау

​Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен ұйымдастырылған «Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары және емле ережелерін көпшілік талқылау» тақ...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

20 қазан, 2018

Атап айтқанда Grand Park Esil қонақ үйінің мәжіліс залында 19 қазан күні дөңгелек үстел ұйымдастырылып, төртінші билік өкілдері Ұлттық комиссия жанындағы орфографиялық жұмыс тобының бір топ белсенді мүшелерімен емле ережелерінің негізгі қағидалары бойынша пікір алмасты.

Бүгінгі қоғамның, саяси биліктік қатынастардың барлық қырларына қалам тербеп жүрген БАҚ өкілдері жаңа емле ережелерінің білімділік сипатына назар бөлумен бірге жазу реформасының мүдделерді тоғыстырушы қызметіне қатысты сауалдарын да ортаға салды.

Ұлттық комиссия жанындағы терминологиялық жұмыс тобының мүшесі, филология ғылымдарының докторы Шерубай Құрманбайұлы бастаған екінші топ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі ұжымымен көпшілік талқылауды жалғастырды. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын арнаулы мемлекеттік органның қызметкерлеріне "Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы: дәуірлік талаптар және жаңа қазақ әліпбиі" тақырыбындағы әдістемелік құрал таратылып, Ұлттық комиссия жанындағы орфографиялық жұмыс тобының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты Алмагүл Хабиева жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емле ережесінің негізгі қағидалары бойынша дәріс оқыды.

Ал 20 қазанда Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектеп және №74 мектеп-гимназиясының ұжымы көпшілік талқылауға ата-аналармен бірлесе отырып қатысты.

"Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары және емле ережелерін көпшілік талқылау" тақырыбындағы әртүрлі әлеуметтік топ өкілдерінің арасындағы насихаттау шарасына қатысты өзге де ақпараттарды мына сілтемелерден толығырақ оқисыздар http://tilalemi.kz/article/1723-.html , http://tilalemi.kz/article/1707-.html , http://tilalemi.kz/article/1712 , http://tilalemi.kz/article/1726-.html , http://tilalemi.kz/article/1732 , http://tilalemi.kz/article/1733



Баға беріңіз