Жаңа емле ережелерін көпшілікпен талқылау жалғасуда

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен ұйымдастырылып жатқан «Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары және емле ережелерін көпшілік талқылау...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

12 қазан, 2018

Мектеп базасында өткізіліп отырған семинарға қала мектептерінен 100-ге жуық бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық жұмыс тобының мүшесі, филология ғылымдарының докторы Қ.Күдеринова жаңа әліпби негізінде әзірленген емле ережелерінің мазмұны мен құрылымын түсіндіріп, емледегі басты жаңалықтармен бөліссе, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме бөлімінің басшысы, филология ғылымдарының кандидаты С.Сафина латын графикасы негізіндегі қазақ тілінің жаңа емле ережелерін оқыту туралы тренинг жүргізді. Сала мамандары жаңа емле ережелеріне байланысты өз пікірлерін білдіріп, толғандырған сұрақтарына ғылыми уәжделген жауап алысты.

«Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары және емле ережелерін көпшілік талқылау» тақырыбындағы әртүрлі әлеуметтік топ өкілдерінің арасындағы насихаттау шарасына қатысты өзге де ақпаратты мына сілтемеден толығырақ оқисыздар. http://tilalemi.kz/article/1707


Баға беріңіз