«Заң терминдері» республикалық байқауы жарияланды

Tilalem.kz

Tilalem.kz

28 сәуір, 2025

 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті және Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мемлекеттік тілдегі құқықтық терминологияны дамыту мақсатында «Заң терминдері» республикалық байқауын өткізетінін хабарлайды.

Байқау заң саласы терминдерінің мемлекеттік тілдегі қолданысын жүйелендіруге, қазақ тілінде жаңа термин қалыптастырудың ұтымды механизмдерін анықтауға және кәсіби терминшілер легін қалыптастыруға бағытталған.

Байқауға 18 жастан асқан заң саласының мамандары, терминтанушылар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, магистранттар, докторанттар, студенттер және тіл жанашырлары қатыса алады. Бұған дейін осы тақырыптағы байқауларда жеңімпаз немесе жүлдегер атанған тұлғалардың өтінімдері қабылданбайды.

Өтінімдер қабылдау: 2025 жылдың 15 мамырына дейін.

Өтінімдер termincom2021@gmail.com электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Байқаудың ережесі және өтінім беру формасы:https://qor.tilqazyna.kz/index.php/s/cyRpdt2m9CKMK6L


Баға беріңіз