«Тіл‑Қазына» орталығының мамандары ICLL 2025 – 9‑шы Халықаралық Лингвистика және Әдебиет Конференциясына қатысуда

Tilalem.kz

Tilalem.kz

15 шілде, 2025

2025 жылғы 15–17 шілде аралығында Жапонияның Фүкүока қаласында өтіп жатқан ICLL 2025 – 9‑шы Халықаралық Лингвистика және Әдебиет Конференциясына орталығымыздың Бас директоры Мақпал Құрманжанқызы Жұмабай, атқарушы директоры Лиза Қожаққызы Есбосын және ғалым хатшысы Дана Жаңабекқызы Оспанова қатысуда.

Аталған конференция алғаш рет 2017 жылы Амстердам қаласында ұйымдастырылып, кейінгі жылдары Париж, Мадрид, Вена сынды ірі ғылыми орталықтарда табысты түрде жалғасын тапқан. Биылғы басқосу Kyushu University және MGIMO University университеттерінің қолдауымен өтуде.


Конференцияның басты мақсаты – лингвистика және әдебиет саласындағы заманауи ғылыми зерттеулер мен тәжірибелерді талқылауға арналған халықаралық диалог алаңын қалыптастыру.


Конференцияда ұсынылған баяндамалар International Journal of Languages, Literature and Linguistics журналында жарияланып, Google Scholar, Crossref, CNKI дерекқорларына енгізіледі.


Баға беріңіз