Тіл үйретушілердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру бағытындағы семинар жалғасып жатыр

Tilalem.kz

Tilalem.kz

23 сәуір, 2026

 

Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов және Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының басқарма төрағасы Мақпал Жұмабай қатысып, қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру мен әдістемелік жұмыстарды жетілдіру бағытындағы өзекті мәселелерге тоқталды.

Екінші күн өтіп жатқан әдістемелік оқыту семинарын орталықтың басқарма төрағасының орынбасары Лиза Есбосын жүргізді.

Еліміздегі тіл оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері, тіл басқармаларының қызметкерлері басқосқан семинардың бүгінгі спикері – Назарбаев университетінің оқытушысы, әдіскер Айдар Балабеков.

Спикер өз баяндамасында қазақ тілін оқытудағы сөйлесім әрекетінің маңызын, тілдік материалды сөйлеуге бағыттау жолдарын, оқу-әдістемелік құралдардағы айтылым әрекетінің ерекшеліктерін, сондай-ақ грамматикалық формалардың әртараптылығы мен рөлін жан-жақты қарастырып, тиімді әдістемелік тәсілдер ұсынды.

Семинар барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, тіл оқытудағы өзекті мәселелерді талқылап, кәсіби біліктіліктерін арттыруда.

 


Баға беріңіз