«Тіл үйретудегі лингводидактикалық тәсілдердің трансформациясы» атты республикалық онлайн семинар өз жұмысын бастады
Іс-шара 22-24 сәуір аралығында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің қолдауымен Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өтуде. Семинардың бірінші күнінің модераторы орталықтың Басқарма төрағасы Мақпал Жұмабай қатысушыларға сәттілік тілеп, шараның маңыздылығына тоқталды.
Бүгінгі дәрісті «QazaqshaLike» әлеуметтік парақшасының және онлайн курс авторы, тіл үйретуші әдіскер, филология ғылымдарының магистрі Ердігүл Дәдібасқызы жүргізді. Спикер қатысушыларға сөйлеу сенімділігін арттыру жолдарын нақты әдіс-тәсілдер арқылы таныстырып, тірек сөйлемдерді қолдану, топтық жұмыс, ойын элементтері мен “speaking” жаттығуларының маңызын түсіндірді.
Семинар соңында қатысушылар спикердің теория мен практиканы ұштастырғанын және тіл үйретудің тиімді әдістерін меңгеруге мүмкіндік бергенін атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Баға беріңіз