«Тіл үйретудегі лингводидактикалық тәсілдердің трансформациясы» атты кезекті республикалық онлайн семинар өтеді
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің қолдауымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 20–22 мамыр аралығында «Тіл үйретудегі лингводидактикалық тәсілдердің трансформациясы» атты кезекті республикалық онлайн семинарын өткізеді.
Семинардың мақсаты – теориялық білім мен практиканы кіріктіре оқыту негізінде тіл үйретушілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру. Семинарда «Жағдаяттық қазақ тілі» курсының авторы, тіл үйретуші әдіскер, Қанат Тасыбеков, «Калькасыз қазақ тілі» арнасының авторы Назгүл Қожабек және Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым хатшысы, Жазира Ысқақова дәріс оқиды.
Семинар барысында қатысушылар қазақ тілін оқытудың заманауи әдістемелерімен танысып, коммуникативтік құзыреттілікке негізделген тапсырмалар әзірлеуді, оқу материалдарын жүйелеуді және сабақ құрылымын тиімді жоспарлауды тәжірибе жүзінде меңгереді.
Семинар қорытындысында қатысушыларға сертификаттар табысталады.
Баға беріңіз