Тіл саясатының өзекті мәселелері қаралды

Tilalem.kz

Tilalem.kz

07 ақпан, 2025

 

2025 жылғы 7 ақпанда Астана қаласында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы аясында «Тіл саясатының өзекті мәселелері» тақырыбында секция отырысы өтті.
Аталған секция жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің тілдерді дамыту саласына жауапты басқармаларының басшылары, ғалымдар, жекелеген орталық мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Аталған жиынды кіріспе сөзбен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Е.Е. Тілешов ашты.
Секция отырысында мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға қатысты мәселелер талқыланды, сондай-ақ, алдағы кезеңнің міндеттері белгіленді.
Іс-шарада ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары А.И. Чокушева, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті Р. Кенжеханұлы, IT саласының маманы, сарапшы Т. Бектұр, Ақтөбе облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының басшысы А.Қ. Қонақбаев, Алматы қаласы әкімі аппараты Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Б.Ә. Қалымбет, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК басқарма басшысы Г.С. Ерсұлтанова сөйледі.
Секция отырысының қорытындысы бойынша Тіл тұжырымдамасын сапалы іске асыру, тілдерді оқыту орталықтарының қызметін тиімді ұйымдастыру, мемлекеттік тілді өздігінен үйренуге арналған ІТ-жобаларды насихаттау, мемлекеттік тілді қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылу, қазақ тілін үйретудің ғылыми-әдістемелік негіздерін жетілдіру, қазақ тілін цифрландыру бағытындағы жұмыстардың басым маңыздылығы мәселелері түйінделді.


Баға беріңіз