ТІЛ САЯСАТЫ КОМИТЕТІ 100 РЕСМИ САЙТ МОНИТОРИНГІН ЖҮРГІЗЕДІ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың ресми интернет-ресурстарында тілдік заңнаманың сақталуына мониторинг жүргізу бойынша республикалық онлайн/офлайн семинарын өткізді.
Семинарда мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ресми интернет-ресурстардағы жыл сайынғы мониторинг жүргізу мәселелері қаралды. Семинар барысында баспасөз қызметтерінің өкілдері, ақпараттық ресурстардың мазмұнына жауапты тұлғалар, аудармашылар бұл іс-шараның ресми ресурстардың сапалы толтырылуына, азаматтардың мемлекеттік тілдегі ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз етуге ықпал ететіндігіне сенім білдірді.
Жиында кіріспе сөз сөйлеген ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің басқарма басшысы Қайыржан Рахымжанов бұл жобаның Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өтетінін жеткізді. Сараптама-мониторинг өлшемшарттары «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сай негізделгенін айтты.
Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒПО-ның медиаресурстар бойынша сарапшысы Жарқынбек Жұмаділұлы мониторингтің биыл 100 ресми интернет-сайтқа жүргізілетінін, олардың ішінде жоғары оқу орындары, ғылыми мекемелер, спорт федерациялары, жеке меншік мектептер, туристік агенттіктер және денсаулық сақтау ұйымдары сайттарының қамтылатынын мәлімдеді.
Мониторинг барысында ресми сайттың мемлекеттік тілде ашылуы, оның толыққанды, сапалы әрі сауатты мәтіндермен толтырылуы басты назарға алынып, ұйым туралы ақпараттың, байланыс деректерінің, ресми құжаттардың, қаулылардың, бұйрықтардың, жаңалықтардың, баспасөз релиздерінің, инфографикалардың, жарнамалық банерлердің, басқа да мәліметтердің бекітілген өлшемшарттарға сай жариялануы тексеріледі.
Ұйымдастырушылар жоба барысында мониторинг қамтыған барлық ұйым-мекемелермен кері байланыс орнатылып, нәтижелі жұмыс жүргізілетінін атап өтті.
Баға беріңіз
16 мамыр, 2025
Khazakh tilining jalpilasiwina bakhilaw jurgizilip jatkhan eken onda eng aldimen khazakh basxilarin bakhilaw kerek Tokhayep Orisxa nemese Khitayxa bile tursada halkharalikh jiyindarda oz khazakh tilinde soylesin uyitkeni Xinjiang orindegi khitayding zang tarawlarindahi kharakhol KGBsimakhtar tokhayep khitayxa soylep jur al Xinjiangdahi 1.6 milyon khazakh oz tilderingdi tastap khitayxa soylengder dep khokhanlokhi popsa tusirip jatir aweli kezinde oristar khazakhxa soylegen khazakhtardi atkhan dep khokhanlohki tusirip keledi, al biz ol kharakholdarha tokhayep oz basi birewhana ol 1.6 milyon khazakhkha wakildik etealmaydi , birlesken memleketter uyimining jergilikti bayirhi ulittarding muddesin khorhaw eregesine negizdelgende khazakhtar oz tilinde soylew okhihi boladi dep ol kharahkoldardi toytarip kelemiz sondikhtan tokhayep khitayxa soylemesin oz khazakh tilinde soylesin