Тіл саласының мамандары марапатталды

Tilalem.kz

Tilalem.kz

17 сәуір, 2026

 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен тіл саясатын дамытуға үлес қосқан бірқатар азаматтарды марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты іс-шараны Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Ердембекұлы Тілешов ашып, қатысушыларды құттықтады. Ол өз сөзінде тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыруда ғалымдар мен сала мамандарының еңбегі айрықша екенін атап өтті.

Рәсімге Алматы қаласы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарынан келген тіл жанашырлары қатысты. Жиында ғылым, білім, мемлекеттік қызмет және ұлттық компаниялар саласында еңбек етіп жүрген мамандардың қазақ тілін дамытудағы еңбегі жоғары бағаланды.

Қазақ тілінің мәртебесін көтеруге қосқан үлесі үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен марапатталғандар:
Аяпова Таңат Тәңірбердіқызы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы;
Зайсанбаев Төлеубек Қизатұлы – С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті қауымдастырылған профессорының міндетін атқарушы, филология ғылымдарының кандидаты;
Жеңісұлы Есей – жазушы, аудармашы, тіл жанашыры;
Сапина Сабира Минатайқызы – Astana IT University аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты;
Қамбар Бақытгүл – «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі хатшылықтың директоры, экономика ғылымдарының кандидаты;
Махамбетова Айгүл Көбейсінқызы – ҚР Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институты Лингвистика орталығының ғылыми қызметкері.
Көп жылдар бойы тілдерді дамыту саласында қызмет етіп, тіл саясатын дамытуға ерекше үлес қосқаны үшін «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталғандар:
Шауеев Азат Садметұлы – «Мемлекеттік тілді дамыту қоры» корпоративтік қорының президенті;
Нәжімеденова Саида Жұмекенқызы – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Агенттік қызметін қамтамасыз ету департаменті мемлекеттік тілді дамыту және аударма басқармасының басшысы;
Шахарбаева Нәбира Атамұратқызы – ҚР Қаржы министрлігі Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті Құжаттарды редакциялау және лингвистикалық сараптау басқармасының басшысы;
Балгожина Шынар Хасенқызы – ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту жөніндегі басқармасының жетекші сарапшысы;
Жалелова Гульвира Ташполатқызы – «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты АҚ» Әкімшілік-құқықтық жұмыс және сатып алулар департаментінің бас менеджері;
Сәбитова Гүлмира Тоқжігітқызы – ҚР Жоғарғы соты Мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бас консультанты;
Қалиева Айнұр Болатбекқызы – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Ішкі әкімшілендіру департаментінің Құжаттарды редакциялау және лингвистикалық тексеру басқармасының бас сарапшысы;
Дауылбаева Бибігүл Садуқызы – Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы «Шырақ» тілдерді оқыту орталығының оқытушысы;
Молдабекова Нұрбану Оңғарбекқызы – Жамбыл облысы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бас маманы;
Жұматаева Сәуле Оқабылқызы – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы;
Сұлтұмбаева Бақтыгүл Сағатқызы – ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Әкімшілік департаментінің бас сарапшысы.

Салтанатты жиын соңында марапат иелері атынан Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Таңат Аяпова алғыс айтып, көрсетілген сенім мен қолдау үшін ризашылық білдірді.


Баға беріңіз