«ТІЛ-ҚАЗЫНА» ОРТАЛЫҒЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕРМИНОЛОГИЯ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Tilalem.kz

Tilalem.kz

15 қазан, 2026

 

Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің Республикалық терминология комиссиясы жаратылыстану-математика бағыты бойынша екінші отырысын өткізді.

Отырыста төрт сала бойынша ұсынылған терминдер қаралды:

🔹 Терапия саласы – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған 85 термин;

🔹 Тау-кен саласы – Қарағанды облысы әкімдігі ұсынған 98 термин;

🔹 Машина жасау саласы – жеке азамат ұсынған 68 термин;

🔹 Газ саласы – «QazaqGaz Aimaq» акционерлік қоғамы ұсынған 167 термин.

Салалық терминдерді қарау мен жүйелеу қазақ тіліндегі ғылыми және кәсіби ұғымдарды біріздендіруге, терминологиялық қорды жетілдіруге және мемлекеттік тілдің ғылым мен өндіріс салаларындағы қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған.


Баға беріңіз