«Тіл-Қазына» орталығында «Бекітілген терминдерге мониторинг» жобасының қорытынды онлайн семинары өтті

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарыбілім министрлігі Тіл саясаты комитетініңтапсырысы бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жүзеге асырып отырған«Бекітілген терминдерге мониторинг» жобасыаясында 2025 жылы 8019 терминге кешендімониторинг жүргізілді.
Мониторинг барысында қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 2020-2024 жылдары, жаратылыстану-техникалық бағытбойынша 2017-2021 жылдары бекітілгентерминдер сараланып, олардың бекітілгенуақыты, қолданылу саласы, шығу тегі жәнеқұрылымдық ерекшеліктеріне талдау жасалды.
Аталған зерттеу жұмыстарыныңқорытындысы ретінде 2025 жылғы 16 қазандажоба бойынша қорытынды онлайн семинар ұйымдастырылды.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ғылымжәне жоғары білім министрлігі Тіл саясатыкомитетінің төрағасы Ербол ЕрдембекұлыТілешов ашып, мемлекеттік тілдіңтерминологиялық жүйесін жетілдіру бағытындаатқарылып жатқан ғылыми жобалардыңмаңызына тоқталды. Семинарға ШайсұлтанШаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттықғылыми-практикалық орталығының Басқарматөрағасының міндетін уақытша атқарушыМақпал Құрманжанқызы Жұмабай модератор болды.
Жоба жетекшісі Әл-Фараби атындағы Қазақұлттық университеті Түркітану және тіл теориясыкафедрасының доценті, филология ғылымдарының докторы ҚарлығашЖамалбекқызы Айдарбек өз баяндамасындабиылғы зерттеу жұмыстарының ерекшеліктерінатап өтті. Оның айтуынша, жаратылыстану-техникалық бағыттағы терминдерге мониторинг жүргізу кезінде ең өзекті мәселенің бірі терминдердің дефинициясын нақтылау жәнеметабелгісін айқындау болған. Бұл бағытта сала мамандарының тәжірибесі мен кәсіби пікіріескеріліп, бірқатар ғылыми қорытындыларжасалғанын және оның негізінде Скопус базасына енетін журналда мақала жарияланғанын жеткізді. (Мақаланың сілтемесі: https://ejal.info/menuscript/index.php/ejal/article/view/1124/428)
Сонымен қатар жобада жұмыс тобына жетекшілік еткен ф.ғ.к. Бауыржан СейсенбекұлыЖөнкешов және жоба үйлестірушісі қызметін атқарған ф.ғ.к. Бақытгүл Дәуітбекқызы Ысқақжобаны ұйымдастыру және әдістемелік тұрғыданжүзеге асыру барысындағы тәжірибелеріменбөлісіп, өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Семинар барысында «Тіл-Қазына» ҰҒПО атқарушы директоры Есбосын Лиза Қожаққызы, Терминология бөлімінің ғалымдары және т.б. қатысушылар мониторингтің ғылыми жәнепрактикалық маңызына тоқталып, жобаныңкелешекте жалғасын табуы төл тіліміздің терминология саласын біріздендіруге айтарлықтай үлес қосады деген қорытынды жасады.
Баға беріңіз