«Тіл-Қазына» орталығына «Өзгеріс көшбасшылары» қонаққа келді

08 қазан, 2025

Бүгін Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық орталығында «Өзгеріс көшбасшылары» жас саясаткерлер мектебінің өкілдері қонақта болды.

«Өзгеріс көшбасшылары» - Атырау облысы «Жастар рухы» төрағасы Абылай Құрметұлы бастаған, қоғам өміріне белсене араласатын, түрлі салада өзіндік көзқарасы мен ұстанымы бар белсенді жастар.

Кездесу барысында орталықтың негізгі бағыттары мен ірі жобалары таныстырылып, қазақ тілін дамыту мен цифрлық кеңістікте ілгерілетуге арналған бастамалар туралы жан-жақты ақпарат берілді.

«Тіл-Қазына» орталығының басшысы Мақпал Құрманжанқызы Жұмабай «Қазақ тілінің цифрлық әлеуетін арттыратын жасанды интеллект жобалары» тақырыбында баяндама жасап, қазіргі таңда орталық іске асырып жатқан ірі ІТ және AI жобаларды таныстырды.

Кездесу соңында Мақпал Құрманжанқызы жастарды тіл мен технологияны ұштастыратын стартаптарға қатысуға, жаңа идеялар ұсынуға шақырып, мұндай ынтымақтастық елдің интеллектуалдық әлеуетін арттыруға зор серпін беретінін атап өтті.


Баға беріңіз