«Тіл-Қазына» мен MNU құқықтық терминологияны дамыту мәселелерін талқылады

Tilalem.kz

Tilalem.kz

11 маусым, 2026

 

«Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында Maqsut Narikbayev University провосты Анар Бауыржанқызы Ибраева, Басқарма төрағасының ғылым, инновациялар және жасанды интеллект жөніндегі орынбасары Сергей Геннадийұлы Пан және PhD, Жеке құқық департаментінің қауымдастырылған профессоры Марат Асқарұлы Ахмадимен мазмұнды кездесу өтті.

Кездесу барысында құқық саласындағы қазақ терминологиясын дамыту, заң терминдерін жүйелеу және оларды цифрлық ортада тиімді қолдану мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, жасанды интеллект, тіл технологиялары, терминологиялық ресурстар және қазақ тілін дамытуға бағытталған цифрлық шешімдер саласындағы ынтымақтастық бағыттары сөз болды.

Тараптар тілдік ресурстарды жасанды интеллект жүйелеріне енгізу, құқықтық және салалық терминологиялық базаларды жетілдіру, цифрлық өнімдерді өзара ықпалдастыру, сондай-ақ бірлескен ғылыми-қолданбалы жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырды.

Кездесу өзара тәжірибе алмасуға, жаңа бастамалар бойынша пікір бөлісуге және алдағы бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.


Баға беріңіз