Тіл мамандары отандық әдістемелерді ортаға салды

Tilalem.kz

Tilalem.kz

28 қыркүйек, 2024

 

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы облыстық Тілдерді оқыту орталығының 15 жылдығына орай «Тілдегі өзгерістер: тіл үйретудегі отандық әдістеме» атты республикалық ғылыми конференция өткізді.
Тіл төңірегіндегі мәселелер талқыланған ғылыми жиынды облыс әкімінің орынбасары Ш. Байманов құттықтау сөзбен ашып, конференция жұмысына сәттілік тіледі.
Конференцияға спикер ретінде қатысқан Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒПО-ның атқарушы директоры Лиза Есбосын «Жасанды интеллект өзегі - тіл» тақырыбында баяндама жасап, ауқымды тіл моделін жасау жұмыстарын түсіндірсе, «Тіл-Қазына» ҰҒПО-ның ғалым хатшысы Гүлшат Түсіпова қазақ тілін оқыту әдістемесіне кеңірек тоқталды.
Әр өңірден тіл мамандары жиналған ғылыми басқосуда А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Терминология орталығының жетекші Нұрсәуле Рсалиева мен Қызылорда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлзат Шынтасова сынды белгілі ғалымдар баяндама жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шараға Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыстарынан Тіл орталықтарының директорлары мен Қызылорда қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, тіл жанашырлары және БАҚ өкілдері қатысты.


Баға беріңіз