«ТІЛ ЖАНАШЫРЫ» СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ
Биылғы жылы сегіз номинация бойынша жеңімпаздар анықталды:
«Тіл майталманы» номинациясының лауреаты – қазақ тілі оқытушыларының Халықаралық бірлестігінің мүшесі, «Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығы» жекеменшік кәсіпорнының директоры Игенова Алмагүл Ақмашқызы;
«Мемлекеттік тіл – бизнесте» номинациясының лауреаты – «BioHumusKZ» ғылыми-білім беру орталығының жетекшісі, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Қарағанды облысы бойынша Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Серікбай Арайлым Талғатқызы;
«Тіл білгірі» номинациясының лауреаты – Қарағанды қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы гимназияның қазақ тілі пәнінің мұғалімі, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Мәміле» қазақ тілінде сұхбаттасу клубының жетекшісі Тим Ольга Германовна;
«Үздік оқытушы» номинациясының лауреаты – Саран қаласының тілдерді дамыту орталығының оқытушысы, «Til.kz» сөйлесу клубының, «Тілі бірдің – тілегі бір» жобасының жетекшісі Жүпенова Динара Тәрбиеқызы;
«Тіл жаршысы» номинациясының лауреаты – «Saryarqa Aqparat» медиа холдингіне қарасты Life09 ақпарат агенттігінің бас редакторының орынбасары Жақыпов Айсұлтан Мұхамедияұлы;
«Үздік телехабар» номинациясының лауреаты – «Қазақстан» РТРК АҚ Қарағанды облыстық филиалы – «Сарыарқа» телеарнасының шеф редакторы Ақажанова Гүлбақша Беркінқызы;
«Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» номинациясының лауреаты - «Шет ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маманы Махмұтова Гүлзада Аманкелдіқызы;
«Жас полиглот» номинациясының лауреаты – Теміртау қаласының №9 лицейінің шет тілі пәнінің мұғалімі, бірінші санаттағы педагог Жанабаев Данияр Көнекбайұлы.
Шараны тамашалауға келген облыс жұртшылығына Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестігі әртістері өз өнерін ұсынды.
Баға беріңіз