ТІЛ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Іс-шараның ашылуымен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің лингвистикалық басқармасының бас сарапшысы Жанар Асанова, Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев құттықтады.
Тіл фестиваліне арнайы шақырылған қонақтар: күйші, домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Секен Тұрысбеков, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Данияр Ахметов, облысымызға танымал, зиялы қауым өкілдері Қалимолда Байболов, тіл жанашыры Кәмнұр Тәлімұлы, дінтанушы, тіл жанашыры Керімбай Санжар, Айбек Нәби, сонымен қатар аудан, қала әкімдерінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарлары, тілге жауапты бөлім басшылары мен мамандары, ұйым төрағалары мен төрайымдары, жастар өкілдері қатысты.
Шара барысында еліміздегі тіл саясатын іске асыру барысында аянбай еңбек етіп жүрген тіл жанашырлары ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің және Алматы облысы әкімінің Құрмет грамоталары, алғысхаттарымен марапатталды.
Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, атақты «Көңіл толқыны» күйінің авторы, күйші Секен Тұрысбековтың сүйемелдеуімен Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармония жанындағы «Ақжауын» ансамблі өнер көрсетті.
Баға беріңіз