ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ ХАБАРШЫ БЮЛЛЕТЕНІНЕ МАҚАЛА ҚАБЫЛДАЙМЫЗ

Tilalem.kz

Tilalem.kz

18 қыркүйек, 2024

 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Терминологиялық хабаршы» электрондық бюллетенінің 2024 жылғы №2 санына терминологияны дамытудың өзекті мәселелеріне арналған қазақ тіліндегі ғылыми-публицистикалық мақалаларды 2024 жылғы 14 желтоқсанға дейін қабылдайтынын хабарлайды.

Мемлекеттік тілдің даму динамикасындағы терминология мәселелері мен оны шешудің ғылыми жолдары толғандырған ғалымдар мен зерттеушілерді, студенттер, магистранттар және докторанттарды халықаралық басылымға мақала жазуға шақырамыз.

Мақала жариялау тегін, ал үздік мақалаға қаламақы қарастырылған.

Ғылыми журналдың мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Сауран көшесі 7-үй. Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы.

Мақала жіберуге арналған электронды пошталар: aden_kz@bk.ru және k.karlygash@tilqazyna.kz.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары: 8 (7172) 27-30-42, 8 747-702-97-97.

Жарияланатын мақаланың мазмұнына және оны ғылыми мақала ретінде рәсімдеуге қойылатын талаптар мен шарттар төменде ұсынылған.


«Терминологиялық хабаршы» бюллетеніне қатысты қосымша ақпаратты, мақала өткізу тетігін Tilalemi.kz сайтынан https://clck.ru/3DNSHP сілтеме бойынша білуге болады.


Баға беріңіз