ТЕРМИНОЛОГИЯ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЕКІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Tilalem.kz

Tilalem.kz

31 мамыр, 2024

 

2024 жылы 30 мамыр күні Республикалық терминология комиссиясының екінші отырысы өтті. Онда қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша ұсынылған терминдерді бекіту туралы мәселе қаралды.

Терминдерге алдын-ала лингвистикалық сараптама жасалып, көпшіліктің қатысуымен талдау мақсатында «termincom.kz» сайтындағы «Алаң» платформасына орналастырылды.  

Комиссия мүшелері 318 терминнің 137-сіне «Алаң» платформасы арқылы  дауыс берді. Қалған 181 термин комиссия отырысында талқыланды.

Отырысқа Республикалық терминология комиссиясының мүшелері,  сала ғалымдары мен тиісті  сала мекемелерінің жауапты өкілдері қатысты.

Комиссия шешіміне сәйкес мақұлданған терминдер «termincom.kz» сайтында және «Терминологиялық хабаршы» электронды журналында жарияланатын болады.


Баға беріңіз