Терминология комиссиясының алтыншы отырысы өтті
2024 жылдың желтоқсанының алғашқы күндері өткен Республикалық терминология комиссиясының кезекті отырысы жаратылыстану-математика бағытына арналды.
Күн тәртібіне сәйкес, Атырау облысы әкімдігі ұсынған мұнай-газ саласында қолданылатын терминдер мен Терминшілер байқауының қорытындысы бойынша ұсынылған терминдер қаралды.
Республикалық терминология комиссиясының мүшелері, сала мамандары мен тиісті мекемелердің жауапты өкілдері қатысқан отырыста жалпы 400-ге жуық термин талқылауға салынды.
Айта кету керек, әрбір отырыста қаралатын терминдерге алдын ала лингвистикалық сараптама жасалып, «termincom.kz» сайтындағы «Алаң» платформасына орналастырылады. Осы платформада комиссия мүшелері терминдермен толық танысып, дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған.
Комиссия отырысының биылғы 6 отырысының шешіміне сәйкес мақұлданған терминдер «Терминологиялық хабаршы» электронды журналында жарияланып, termincom.kz сайтына орналастырылады.
Баға беріңіз