Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒПО гранттық бағдарламаға қатысты

Tilalem.kz

Tilalem.kz

18 қазан, 2024

 

«Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-прақтикалық орталығы» КЕАҚ Мемлекет басшысының «Ұлттық тіл моделін жүзеге асыру» тапсырмасын орындаушы мекеменің бірі ретінде, қазақ тіліндегі жасанды интеллектіні дамытуға бағытталған жұмыстарды жүргізуге атсалысуда.
Солардың бірі - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы аясындағы «Өндірістік сектордың консорциумдары: құзыреттер орталықтары» гранттық бағдарламасы. Орталық бұл жоба шеңберінде консорциумға мүше болып, өзіне жүктелген міндеттемелерді сәтті аяқтады.
«Тіл-Қазына» орталығы бағдарлама бойынша деректерді жинау және өңдеуде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты ұйымдардың мәтіндік қорларын жинауда басты үйлестірушісі болды. Сонымен қатар, жиналатын және өңделетін деректердің техникалық сипаттамаларын дайындап, үлкен көлемдегі мәтін қорды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамына өткізді.
Келешекте бұл жинақталған деректер Ukimet Smart Data платформасы арқылы қазақ тіліндегі жасанды интеллектіні құру үшін пайдаланылады.
Айта кетейік, мемлекеттік тілдің дамуына серпін беретін жобаны Цифрлық үкіметті қолдау орталығының жетекшілігімен «Тіл-Қазына» ҰҒПО және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы жүзеге асыруда.


Баға беріңіз