СЕМИНАР СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ

2023 жылғы 31 тамыз күні Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақ тілін үйрету:...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

31 тамыз, 2023

Тіл саясаты комитетінің төрағасы Е.Тілешов семинар барысында үнемі қатысып, үлкен қолдау білдіріп отырды.


Халықаралық іс-шараның соңғы күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Бақыт Айтбаева ашып, «Шетелдіктерге қазақ тілін оқытудың тиімді әдістері және интернет ресурстары» жөнінде дәріс оқыды.

Қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.

Үш күндік бас қосу өте тартымды жағдайда өтті.

Оған төмендегімына пікірлер айғақ бола алады:

«Сәлеметсіз бе, мен Асқар, Ираннан, әр жылы «Тіл-Қазына» біліктілік курстарына қатысамын. Мөлдір ханым, Дениз ханым, Нұрлыгүл ханым көп рахмет айтамын. 2 күнгі сабақ пайдалы болды. Ұйымдастырушыларға рахметімді айтамын»;

«Қазақ тілін оқыту мәселесі төңірегінде біліктілік арттыру курстары біз үшін өте маңызды. Себебі біздің елде қазіргі таңда барлық пәндердің мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары тұрақты жүргізіліп тұрады. Ал қазақ тіл пәні тек қазақ мектептеріне ғаға тән пән болғандықтан мемелекет бойынша осындай іс шара тұрақты ұйымдастырылмайды. Әсіресе орталық өңірдегі қазақ балаларына қазақ тілін үйретіп жүрген мұғалімдерге тіптен табылмайтын мүмкіндік. Әрі қазақ тілін шет тілі ретінде үйретуде тәржибесі бар білікті мамандардың сабақтары пайдалы болды. Моңғолиядағы Абай институтының қазақ тіл оқытушысы Сандуғаш Қариқызы»;

«Тіл-Қазына ұйымдастыратын онлайн іс-шаралардың бәрі де мазмұнды, мәнді өтетінін бәріміз де білеміз. Осы жолы да өтіп жатқан семинар сапалы, мағыналы, біз үшін өте пайдалы болды. Алдағы уақытта да жалғасын таба берсін. Ұйымдастырушыларға үлкен рахмет. Айгүл ханымның шеберлігіне, Нұрлыгүл ханымға ерекше алғысымды білдіремін. Түркия мемлектінің Анталия қаласындағы Қазақстан Ассоцияциясы атынан АҚМАРАЛ РЫСПАЙҚЫЗЫ ГАБДИЕВА»;

«Қайырлы күн, әріптестер! «Тіл-Қазына» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырып жатқан халықаралық семинары жоғары деңгейді өтуде. Мықты спикерлер тартылған екен. Өз басым өте қажетті мағлұматтар алдым. Өзекті мәселелер көтерілгеніне қуаныштымын. Осындай семинарлар алдағы уақытта да өткізілсе екен деген тілегім бар. Сіздерге осы семинарға қатысуға мүмкіндік бергендеріңізге үлкен рақмет!».


Ұйымдастырушылар бұл бағыттағы жұмысты жалғастыра бермекші.



Баға беріңіз