Семинар қатысушылары «Тіл жанашыры» төсбелгісімен марапатталды

Қонаев қаласында өткен «Мемлекеттік тіл саясаты: тәжірибелер мен инновациялар» атты республикалық тәжірибе алмасу семинарының қорытынды бөлімінде мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосқан азаматтар арнайы марапатталды.
«Қазақ тілі» қоғамы Алматы облыстық филиалының төрағасы Гүлзира Сейітбекқызы Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Мақпал Жұмабайға және бірқатар тіл жанашырларына Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Алматы облыстық филиалының «Тіл жанашыры» төсбелгісін табыстады.
Бұл марапат — мемлекеттік тілдің өркендеуіне белсенді үлес қосып жүрген тұлғалардың еңбегіне көрсетілген жоғары құрмет.
Баға беріңіз