САЛАЛЫҚ ТЕРМИНОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Tilalem.kz

Tilalem.kz

07 қазан, 2026

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында Медицина, мәшинежасау, тау-кен және газ саласы терминологиясы секциясының кезекті отырысы өтті.

Жиынға Тіл саясаты комитеті Лингвистикалық басқармасының бас сарапшысы Жанар Асанова, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы басқарма басшысының орынбасары Лиза Есболсын, орталықтың Терминология бөлімінің басшысы, ғалым Нұрзия Әбдікәрімқызы, Қазақ ұлттық медицина университеті Қалыпты анатомия кафедрасының доценті Бауыржан Шәкенов, Астана медицина университеті Патологиялық физиология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Гүлшаһар Бегларова, Қалыпты физиология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Салима Ибраева қатысты.

Сонымен қатар Ақтөбе өңірлік университеті техника ғылымдарының докторы, доцент Серік Құлнияз, «Қазақмыс корпорациясы», Қарағанды тау-кен өндірісінің Нұрқазған байыту фабиркасының ауысым шебері Сұлтан Жандос, т.б секцияға жауапты комиссия мүшелері мен сарапшы мамандар талқылауға қатысты.

Отырыста медицина, мәшинежасау, тау-кен және газ салаларына қатысты терминдер қаралып, олардың қазақ тіліндегі қолданысы, мағынасы мен салалық ерекшеліктері талқыланды.

Салалық терминдерді біріздендіру, ғылыми және кәсіби қолданысқа орнықтыру – қазақ тілінің ғылыми тіл ретіндегі әлеуетін арттырудың маңызды бағыттарының бірі.


Баға беріңіз