Республикалық терминология комиссиясының Қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша отырысы өтті

Tilalem.kz

Tilalem.kz

30 қазан, 2026

 

30 қазанда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында Республикалық терминология комиссиясының Қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша отырысы өтті. Отырыс барысында күн тәртібіне сәйкес алты мәселе қаралды.

Алдымен лингвистика саласы бойынша жеке азамат ұсынған терминдер, сондай-ақ инклюзия саласына қатысты ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұсынған терминдер талқыланды. Бұдан кейін экономика саласы бойынша ҚР Ұлттық экономика министрлігі және іс қағаздарын жүргізу саласы бойынша «QazaqGaz Aimaq» акционерлік қоғамы ұсынған терминдер қаралып, олардың тілдік нормаға сәйкестігі мен қолданыс аясы жан-жақты сарапталды.

Сонымен қатар күн тәртібінде Комиссияның 2025 жылғы отырыстарында пысықтауға жіберілген демография, экономика және құқық салалары бойынша, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұсынған салалық терминдер қайта қаралып, нақты ұсыныстар берілді.

Бұдан бөлек, бекітілген терминдерге жүргізілген мониторинг жобасы аясында қайталанған терминдер қосымша талқыланып, байқау терминдері бойынша да шешімдер қабылданды.

Қабылданған терминдермен Termincom.kz интернет-ресурсынан таныса аласыздар.


Баға беріңіз