Республикалық терминология комиссиясының отырысы өтті
Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында Республикалық терминология комиссиясының жаратылыстану-математика бағыты бойынша отырысы өтті.
Отырыс барысында мұнай-газ және ихтиология салаларына қатысты терминдер қаралды. Атап айтқанда, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының қызметінде қолданылатын мұнай-газ саласының терминдері және Атырау облысы әкімдігі ұсынған ихтиология терминдері талқыланды.
Сонымен қатар бекітілген терминдерге мониторинг жүргізу жобасы аясында анықталған жаратылыстану-математика бағыты бойынша қайталанған терминдер қосымша қарауға ұсынылды.
Отырыстың мақсаты – салалық терминдерді саралау, олардың қазақ тіліндегі қолданысын жүйелеу және терминологиялық қорды жетілдіру.

Баға беріңіз