Республикалық терминология комиссиясы жанындағы мұнай-газ және ихтиология саласы терминология секциясының отырысы өтті

Tilalem.kz

Tilalem.kz

11 қараша, 2026

 

11 қазанда Республикалық терминология комиссиясының жанындағы мұнай-газ және ихтиология саласы терминология секциясының отырысы өтті.
Отырыс барысында мұнай-газ және ихтиология салаларына қатысты терминдер жан-жақты қарастырылып, олардың ғылыми мазмұны, қолданыстағы нұсқалары, тілдік ерекшеліктері және қазақ тіліндегі терминологиялық баламалары талқыланды. Жалпы отырыста 423 термин қаралды.
Секция отырысына мұнай-газ саласының ғалымдары, профессорлар және тиісті сала бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген мамандар қатысты. Сарапшылар ұсынылған терминдердің кәсіби ортадағы қолданысын, ғылыми дәлдігін және қазақ тілінің терминжасам қағидаттарына сәйкестігін талқылап, тиісті ұсыныстарын білдірді.
Отырыстың мақсаты – мұнай-газ және ихтиология салаларындағы терминдерді ғылыми тұрғыдан саралау, олардың қазақ тіліндегі қолданысын біріздендіру және салалық терминологиялық қорды жүйелеу. Секция барысында көтерілген мәселелер салалық терминдердің сапалы қалыптасуына, ғылыми айналымда орнығуына және кәсіби коммуникацияда бірізді қолданылуына бағытталды.
Жиын қорытындысы бойынша қаралған терминдерге қатысты тиісті ғылыми-терминологиялық ұсыныстар мен тұжырымдар қалыптастырылып, оларды одан әрі жетілдіру және біріздендіру бағыттары айқындалды.


Баға беріңіз