Құрылтай жанындағы ғылым жөніндегі сарапшылық кеңеске ұсыныс беру мүмкіндігі
Қазақстан Республикасы Құрылтайының Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті жанынан ғылым жөніндегі сарапшылық кеңес құрылды. Кеңестің негізгі мақсаты — отандық ғылымды дамытудың өзекті мәселелерін талқылау және салалық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Кеңес жұмысына ғылыми-зерттеу қызметінде практикалық тәжірибесі бар ғалымдар мен мамандар шақырылады. Ұсыныстар мен бастамалар келесі бағыттарды қамтуы мүмкін:
- ғылыми зерттеулерді қаржыландыру;
- ғылыми конкурстар мен сараптаманы ұйымдастыру;
- ғылыми ұйымдардың материалдық-техникалық базасын дамыту;
- ғылыми кадрларды даярлау және қолдау;
- ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру және өндіріске енгізу.
Ұсыныс беру тәртібі:
Ұсыныста нақты проблеманы көрсетіп, оның негіздемесін келтіру және шешу жолдарын (қажет болған жағдайда заңнамаға өзгерістер енгізуді қоса) ұсыну қажет.
Өтінімдер мен бастамалар Құрылтайдың ресми сайтындағы «Қызмет» → «Сарапшылық кеңестер» бөлімі арқылы қабылданады. Бөлім ішінен Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетін және тиісті бағытты таңдау керек.
Баға беріңіз