Қонаев қаласында «Мемлекеттік тіл саясаты: тәжірибелер мен инновациялар» атты семинар өтті

Tilalem.kz

Tilalem.kz

24 сәуір, 2025

 

Мемлекеттік тіл саясаты аясында жаңа серіктестік орнады!

Бүгін Қонаев қаласында өтіп жатқан «Мемлекеттік тіл саясаты: тәжірибелер мен инновациялар» атты республикалық тәжірибе алмасу семинарында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжатқа Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Данияр Дүйсенбіұлы Ахметов пен Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Бас директоры Мақпал Құрманжанқызы Жұмабай қол қойды.

Бұл серіктестік мемлекеттік тілді дамыту, әдістемелік қолдау көрсету және инновациялық жобаларды іске асыру бағытындағы ортақ жұмыстың жаңа кезеңіне жол ашады.

Семинарға ҚР Ғылым және жоғары білім Тіл саясаты комитетінің, Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің өкілдері, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлестігінің вице-президенті, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлері, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің тілдерді дамыту саласына жауапты басқармаларының басшылары және облыстық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары қатысып жатыр.


Баға беріңіз