ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ – ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ
Конкурстың басты мақсаты – мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу және қолдау.
Байқауға 16-25 жас аралығындағы талапкерлер қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Жыр додасына облысымыздың қала, аудандарынан келген үміткерлер өз бақтарын сынады. Әділқазылар алқасы 13 қатысушыны конкурстың ережесінде жазылған талаптарға сәйкес іріктеді.
Бәйгеде Мұсахан Қанапиянов атындағы жоғары колледжінің ІІІ курс студенті Жәнібек Есенкелді өз қарсыластарынан озып, І жүлделі орынды иеленді. ІІ орынға Железин ауданы, Т.П.Праслов атындағы Прииртышск ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мұқанова Сәния, ІІІ орынға Шарбақты ауданы, Торайғыров университетінің студенті Сара Авдол ие болды.
Баға беріңіз