«Қазақстан Теміржолы» Ұлттық компаниясында «Ұлттық диктант» іс-шарасы өтті

31 қазан, 2025

Астана қаласында «Қазақстан Теміржолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында «Ұлттық диктант» іс-шарасы өтті.

Іс-шараға ұлттық компанияның 400-ден астам қызметкері қатысып, қазақ тілінде диктант жазу арқылы өз білімдері мен сауаттылықтарын сынады.

«Ұлттық диктант» жобасы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бірлесуімен ұйымдастырылды. Диктант барысында қатысушылар қазақ тілінің қоғам өміріндегі, әсіресе өндіріс пен еңбек ұжымдарындағы маңызына ерекше тоқталды.

Айта кетейік, «Ұлттық диктант» іс-шарасы биыл 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында бастау алған болатын.
Басты мақсат — жазу мәдениетін жетілдіру, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру және тіл арқылы ұлттық бірегейлікті нығайту.

Диктант офлайн және онлайн форматта өтуде. Онлайн нұсқасын кез келген азамат www.til.kz
сайтындағы арнайы парақша арқылы қалаған уақытта орындай алады. Қатысушыларға электронды алғыс хатпен қатар KITAP платформасына тегін жазылым ұсынылады.

«Ұлттық диктант» жобасының нәтижелері жыл соңына дейін жарияланады.


Баға беріңіз