АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Тіл саясаты комитеті
Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
2026 жылғы 16 қазан Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ «Қазақ терминжасамының негізгі әдіс-тәсілдері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Конференцияның мақсаты: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 914 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының» «Қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту» 4-бағытын жүзеге асыру, қазіргі қазақ терминжасамының өзекті мәселелерін талқылау және ұлттық терминжасамның әдіс-тәсілдерін теориялық және практикалық тұрғыдан қарастыру.
Конференцияның негізгі бағыттары:
- 1926 жылы Баку қаласында өткен Түркологтардың І съезі және қазақ терминжасамының тарихи-ғылыми негіздері
- Қазақ терминжасамындағы жаңа модельдер мен үрдістер
- Терминжасамдағы калька және аударма тәсілдерінің теориялық әрі практикалық қырлары
- Кірме терминдерді қазақ тіліне бейімдеудің лингвистикалық негіздері
- Терминдерді стандарттау мен біріздендіру ісіндегі терминжасамның маңызы
- Салалық терминжасамның құрылымдық-семантикалық ерекшеліктері.
Мақалаларды қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 31 қыркүйегіне дейін. Көрсетілген мерзімнен кешіктірілген, конференцияның бағыттарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ мақалаға қойылатын талаптар сақталмаған материалдар қабылданбайды және кері қайтарлымайды. Ұсынылған материалдардың мазмұны мен сауаттылығына мақала авторлары жауап береді.
Редакция алқасы материалдарды сұрыптауға құқылы.
Конференция материалдары жинақ ретінде жарық көреді және электрондық нұсқасы «Termincom.kz» сайтына орналастырылады.
Баяндамашыларға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің арнайы сертификаттары беріледі.
Жарияланым тегін.
Мақалалар termincom2021@gmail.com электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сауран, 7а көшесі, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы.
Байланыс телефоны: +77083882520.
І ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
- ұсынылған мақалалар бұған дейін жарияланбаған болуы тиіс;
- мақала мәтіні (5-10 бет көлемінде) WORD 6.0 (7.0) мәтіндік редакторында «Tіmes New Roman» шрифтімен (шрифт өлшемі – 14, аралық интервалы – 1, жол жиегі жоғары және төмен жағынан – 2,0 см, сол жағы – 3 см, оң жағы – 1,5 см, азат жол басындағы интервал стандартты (1.25 см) жазылады;
- мақала атауы бас әріптермен, мақала атауынан кейін автордың (авторлардың) аты-жөні (оң жақ қапталға), автордың (авторлардың) жұмыс орны, ғылыми дәрежесі, электрондық поштасы, байланыс телефоны, ORCID деректері 12 пт түрінде, автордың аты-жөніне ендірме (сноска) арқылы беттің төменгі жағына жазылады;
- аңдатпа қазақ тілінде 3-5 сөйлем көлемінде;
- түйін сөздер қазақ тілінде 5-7 сөз;
- мақаланың атауы (бас әріптермен, жолдың ортасына қою қаріппен), аңдатпа және түйін сөз ағылшын тілінде;
- мақала мәтініндегі библиографиялық сілтемелер төртбұрышты тік [1; 23] жақшада беріледі, олардың тізімі соңында мәтінде берілу ретіне қарай рәсімделеді.
Беттер нөмірленбейді.
Мақала және өтінім 1 файлға салынады; файл атауы келесі үлгіде (тегі көрсетіліп) рәсімделеді: Әбдіхалық_мақала
ІІ ӨТІНІМ
|
Республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияға қатысуға өтінім |
|
|
Қатысушының толық аты-жөні |
|
|
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) |
|
|
Жұмыс орнының толық атауы |
|
|
Қызметі |
|
|
Мақаланың тақырыбы |
|
|
ORCID: (болған жағдайда) |
|
|
Байланыс телефоны |
|
|
Е-mail |
|
МАҚАЛАЛАРДЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ:
ТЕРМИНОГРАФИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Азамат Ақаматұлы*
Аңдатпа. Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін.
Түйін сөздер: мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін.
LANGUAGE AND TERMINOLOGY
Abstract. Text text text text text text text text text text text text text text text text text text text.
Keywords: text,text,text,text,text.
Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін [1; 85].
Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін [2; 312] мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін.
Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Түймебаев Ж., Ескеева М. Көне түркі жазба ескерткіштері тілінің морфологиялық жүйесі (VI-IX ғ.). – Алматы, 2016. – 368 б.
* Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы терминология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, PhD azamat@gmail.com, 87777777777, ORCİD: 0000-0003-2221-6200
Баға беріңіз