ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы 2021 жылдың 28 сәуір-24 мамыр аралығында өзге ұлт өкілдері жастарының арасында «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» атты көркемсөз оқу шеберлерінің...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

16 маусым, 2021

Байқауға көркемсөз оқу және ән айту шеберлігін қатар игерген 14 пен 29 жас аралығындағы 51 үміткер қатысты.

Байқау қортындысы төмендегідей:

- І орын – Колесникова Ксения Викторовна, орыс, М.Өтемісов атындағы БҚУ «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша қашықтан оқыту бөлімінің 1-курс студенті;

- ІІ орын – Зыбина Виктория Александровна, орыс, Бәйтерек ауданы, Калининское ауылы, Камен ЖОББМ 10-сынып оқушысы;

- ІІ орын – Хван Руслана Александровна, кәріс, М.Өтемісов атындағы БҚУ 2-курс студенті;

- ІІІ орын – Алиева Тунзала Гисматқызы, әзірбайжан, Теректі ауданы, Подстепный ауылы, Подстепный №1 ЖОББМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі;

- ІІІ орын – Липнау Кристина Яковлевна, орыс, М.Өтемісов атындағы БҚУ 1-курс студенті;

- ІІІ орын – Шолох Кристина Юрьевна, украин, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ 1-курс студенті;

Сонымен қатар 2 аталым (номинация) бойынша келесідей жеңімпаздар анықталды:

«Жас дарын» номинациясы:

- Осиновская Варвара Евгеньевна, орыс, М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың 3-курс студенті;

- Рязанова Юлия Михаиловна, орыс, Бәйтерек ауданы, Макаров ауылы, Макаров ЖОББМ-ның «Өзін өзі тану» пәнінің мұғалімі;

- Корчемкина Анна Алексеевна, орыс, М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың 1-курс студенті;

«Мәнерлі мақам» номинациясы:

- Бакаушина Виктория Михайловна, орыс, Теректі ауданы, Подстепный ауылы, Ақсуат ЖОББМ 11-сынып оқушысы.

- Погребная Элеонора Денисовна, орыс, Теректі ауданы, Ұзынкөл ауылы, Ұзынкөл ЖОББМ 10-сынып оқушысы;

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталды.



Баға беріңіз