Орталығымыздың тіл ғалымдары мен мамандары марапатталды

Tilalem.kz

Tilalem.kz

04 қазан, 2024

 

Ұстаздар күніне орай ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов орталығымызға арнайы келіп, ғалымдар мен мамандарға марапаттар табыстады.
Ғылым мен ұстаздықты қатар алып жүрген орталығымыздың белгілі ғалымдары филология ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлназ Төкенқызы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрзия Әбдікәрім мен орталығымыздың атқарушы директоры Лиза Есбосын  және филология ғылымдарының кандидаты, доцент  Жазира Мақсұтқызы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУҒА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» төсбелгісімен марапатталды.
Сонымен қатар жас ғалым Мөлдір Бақытқызы«АНА ТІЛІН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН» төсбелгісімен марапатталды.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен орталығымыздың ғалым хатшысы Гүлшат Түсіпова, жобаларды басқару орталығының жетекшісі Сандуғаш Кенжебаева мен жас ғалымдар Дана Оспанова, Оразгүл Махсуд пен Қарлығаш Қабай, Меруерт Ермахан марапатталды.
Әріптестерімізді құттықтаймыз!


Баға беріңіз