ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ИНТЕГРАЦИЯЛАУҒА АРНАЛҒАН ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ  ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

Tilalem.kz

Tilalem.kz

10 мамыр, 2024

 

2024 жылғы 13-22 мамыр аралығында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы республикалық онлайн-семинар ұйымдастырады.

«Оқытушылардың кәсіби дағдыларын дамытуға және жасанды интеллектіні интеграциялауға бағытталған қазақ тілін оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері» атты онлайн-семинар қатысушылары сегіз күн бойы мемлекеттік тілді оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерімен танысып, алған білімдерін практикада қолдануды үйренеді.

Әдістемелік дәрісте қазақ тілін үйретушілердің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, тіл үйретуде жасанды интеллектіні тиімді пайдалану жолдары және заманауи қазақ тілі маманына қажетті дағдылар тақырыбында кеңінен мағлұмат алады.  

Өзара тәжірибе алмасуға арналған жиынға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов, төраға орынбасары Абзалбек Ғабит, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Мақпал Жұмабай қатысып сөз сөйлейді.

Спикерлер қатарында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары филология ғылымдарының кандидаты, доцент Бақыт Айтпаева, НЗМ ДББҰ филиалы «Білім беру бағдарламалары» орталығы бөлім басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Нұрлыгүл Дәулеткереева мен аталған орталықтың менеджері  Алтынгүл Хасенова цифрлық білім беру ресурстары және тіл үйретушінің кәсіби құзыреттілігі туралы кеңінен баяндайды. Сонымен қатар, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ғалымдары ф.ғ.к. Гүлназ Төкенқызы мен ф.ғ.к. Ләйлә Демесінова қазақ тілін үйретудегі тиімді әдіс-тәсілдермен таныстырады.

Республикалық семинарға өңірлік тілдерді оқыту орталықтарының және  ЖОО оқытушылары мен  әдіскерлері  қатысады.

Онлайн-семинарды өткізу уақыты: 13-22 мамыр, 14:30-18:30
ZOOM-сілтеме: https://us02web.zoom.us/j/8440048081

Семинарға келесі сілтеме бойынша тіркеле аласыздар: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfQSNnux5-aIoKwajBVcdmgirG-uveBRyMmPFL6Vva3FCgZtg/viewform
Қосымша ақпарат үшін: + 7 701 318 48 18 Меруерт, +7 708 325 66 95 Жазира


Баға беріңіз