МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ – КЕҢ ӨРІС

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы ұжымы, еріктілер тобымен бірге, биылғы маусым айынан бастап шағын және орта бизнеc өкілдеріне «Мен қазақ тілінде қызмет көрсет...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

01 қараша, 2023

Түрлі бизнес өкілдеріне, қарапайым тұрғындарға, тұтынушыларға, сөздер мен түрлі сала бойынша сөз орамдарын, диалогтар мен тілдік жағдаяттарды қамтитын «Тілашар» сөздігін, сегіз тақырып бойынша буклеттерді («Халыққа қызмет көрсету орталығында», «Шаштаразда», «Дәріханада», «Ас мәзірі», «Азық-түлік дүкенінде», «Таксиде», «Тұрмыстық техника дүкенінде», «Банкте», «Пәтер иелері кооперативінде») және А 3 форматтағы QR сөздікті қоғамдық орындарда тегін таратып жүр.

Акция бір ғана Ақтөбе қаласында емес, сондай-ақ Хромтау, Қарғалы, Мәртөк аудандарында өтуде.


Баға беріңіз