«Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауы ТАМЫЗ АЙЫНЫҢ СОҢЫНА ДЕЙІН ұзартылды

Tilalem.kz

Tilalem.kz

04 маусым, 2024

 

«Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы журналистерге арналған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауына өтінімдерді қабылдау мерзімі 2024 жылдың тамыз айының соңына дейін ұзартылғанын хабарлайды.
Бас жүлде — 1 млн. теңге!
Номинациялар:
«Үздік мақала» (түрлі жанрда мәтін форматында жарияланған баспасөз материалы)
«Үздік теле және радиобағдарлама» (журналистика принципіне сай электрондық және мультимедиалық формат өнімі)
Негізгі шарты: 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылдың тамыз айының соңына дейін баспасөз бен электронды порталдарда жарық көрген мемлекеттік тіл мәселесі мен шешу жолдарына арналған екі медиаматериал жариялау.


Тіркелу формасы сілтемеде: 

https://docs.google.com/forms/d/1PUUerio7WqwJvzW4G_17cYZQA30H9z9HF5TvvlUUPn4/edit

Толық ереже келесі сілтемеде: https://mssg.me/sayis

Толық ақпарат: https://tilalemi.kz/kz/news/jurnalysterge-arnalgan-bayqau.html


Баға беріңіз