Лингвистика, инклюзия, экономика және іс қағаздарын жүргізу терминдері қаралды

Tilalem.kz

Tilalem.kz

21 қазан, 2026

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында Республикалық терминология комиссиясы жанындағы лингвистика, инклюзия, экономика және іс қағаздарын жүргізу терминологиясы секциясының кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында төрт бағыт бойынша ұсынылған терминдер қаралды. Лингвистика саласында жеке азамат ұсынған терминдер талқыланса, инклюзия бағыты бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұсынған терминдер сарапқа салынды. Сондай-ақ ҚР Ұлттық экономика министрлігі ұсынған экономика саласының терминдері және «QazaqGaz Aimaq» акционерлік қоғамы ұсынған іс қағаздарын жүргізуге қатысты терминдер қаралды. Талқылау барысында ұсынылған терминдердің қазақ тіліндегі мағынасы мен қолданыс ерекшеліктеріне назар аударылып, оларды салалық терминологиялық жүйеде қолдану мәселелері қарастырылды.

Айта кетсек, секция отырысы салалық терминдерді талқылауға, олардың қазақ тіліндегі қолданысын саралауға және терминологиялық жүйені жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды қарастыруға арналды. Мұндай жұмыстар қазақ тіліндегі терминдерді біріздендіруге және олардың қолданыс аясын кеңейтуге ықпал етеді.


Баға беріңіз