Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде филолог ғалымдар мен «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалымдары бас қосты

Tilalem.kz

Tilalem.kz

22 маусым, 2026

 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде филолог ғалымдар мен «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалымдары бас қосты. Өткен аптада ұйымдастырылған бұл кездесу «Л.Н Гумилев атындағы ЕҰУ мен «Тіл-Қазына» ҰҒПО академиялық серіктестік: бірлескен жобалар мен даму перспективалары» тақырыбындағы дөңгелек үстел аясында өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты:

  • Қазақ тіл білімі мен әдебиетінің өзекті бағыттарын талқылау.
  • Алдағы уақыттағы бірлескен ғылыми-зерттеу және білім беру жобаларын айқындау.
  • Серіктестіктің жаңа мүмкіндіктерін қарастыру.

Дөңгелек үстелді Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Қ.Т. Бибеков кіріспе сөзбен ашты. Одан әрі шара мазмұнды баяндамалар мен пікірталасқа ұласты.

Университет ғалымдарыЖ. Аймұхамбет, Г. Сағынадин және Н. Айтова кафедралардың ғылыми бағыттарын таныстырды. Олар кадр даярлау, жас ғалымдарды қолдау және бірлескен зерттеулер жүргізу мәселелерін көтерді.

«Тіл-Қазына» орталығының ғалымдары Ж. Искакова мен Ө. Әбдіров, А.Зинедине мен А.Ахмет тілдік ресурстар, заманауи цифрлық жобалар, терминология, әдістеме және қолданбалы зерттеулердің маңызына тоқталды.

Қос тарап бірлескен ғылыми жобалар, халықаралық жарияланымдар, тілдік корпус жұмысы, деректер алмасу және академиялық ұтқырлықты дамыту тетіктерін талқылап, арнайы жол картасының нақты тармақтарын бекітті. Бұл серіктестік отандық филология ғылымы мен цифрлық тілтанымды жаңа деңгейге көтеруге жол ашпақ.


Баға беріңіз