Компьютерлік ойын әзірлеушілер арасында байқау

Tilalem.kz

Tilalem.kz

24 маусым, 2024

 

«Тіл-Қазына» орталығы алғаш рет компьютерлік ойын әзірлеушілер арасында жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрайтын хакатон жариялайды.

Командалардың өтінімін қабылдау және тіркеу 2024 жылдың 18  маусым - 5 шілде аралығында жүргізіледі. Қатысушы командаға тіркелгеннен кейін геймдизайн құжаты жолданады. 5 шілдеге дейін геймдизайн құжаты толтырылып жіберілуі керек. Геймдизайн құжатын жолдаған команда ғана іріктеу кезеңіне қатыса алады.

Байқау 2 кезеңнен тұрады. 1-кезең – іріктеу, 2-кезең – жеңімпазды анықтау. Іріктеуден өткен командалар Астана Hub-та өтетін офлайн форматтағы 2-кезеңге шақырылып, қазылар алқасы алдында жұмыстарын қорғайды. Іріктелген командаға ойынның талаптарын толық орындау үшін 1 апта дайындалуға уақыт беріледі. 15 шілде 2-кезең өткізіледі.

Байқау жеңімпазына 3 000 000 теңге көлемінде сыйлық тағайындалады және Жобаны іске асыру бойынша Шарт жасалынады. Шартта көрсетілген техникалық талаптар бойынша ойынның мазмұндық құжатын толық аяқтау қажет. Қаржылай сыйлық Шарт негізінде төленеді.

Байқаудың толық ережесі келесі сілтемеде: https://cloud.tilqazyna.kz/index.php/s/YEgAgW5TryTCWBW


Баға беріңіз