Елордада республикалық жас ғалымдардың ғылыми зерттеулері байқауы өтеді
«Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" КеАҚ республикалық «Til-Qazyna» оқулары шарасы аясында жас ғалымдардың ғылыми зерттеулері байқауын жариялайды.
Мұндағы мақсат – тіл саясатын іске асыруға, қазақ тілін меңгеруді тиімді ұйымдастыруға, терминологияны дамытуға және жасанды интеллект көмегімен тілдік міндеттерді шешуге бағытталған ғылыми жұмыстарды қолдау.
Оған еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары қатыса алады.
Жас ғалымдардың ғылыми мақалалары келесі бағыттар бойынша қабылданады:
1) Қазақ тілін меңгеруге арналған әдістемелік және цифрлық шешімдер
2)Терминология
3) Қолданбалы лингвистика
4) Жасанды интеллект негізіндегі тілдік сервистер
Өтінім мен мақаланы қабылдау: 2026 жылғы 13 сәуірге дейін
Баяндама жасау: 2026 жылғы 17 сәуір (офлайн/онлайн)
Іріктеуден өткен жұмыстар «Тіл және қоғам» халықаралық ғылыми журналында жарияланып, авторлар дипломмен марапатталады. Ғылыми жетекшілерге алғысхат, қатысушыларға сертификат беріледі.
Өтінім мен ғылыми мақалаларды adistemelab25@gmail.com электронды поштасына жолдау қажет. Байқау ережелері туралы толығырақ ақпаратты tilalemi.kz сайтынан оқуға болады.
«Til-Qazyna» оқулары
- Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже «Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеаҚ (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) өткізетін «Til-Qazyna» оқулары шарасы аясында республикалық жас ғалымдардың ғылыми зерттеулері байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
1.2. Байқау Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында білім алатын студенттер мен магистранттар арасында өткізіледі.
1.3. Байқаудың жұмыс тілі – қазақ , ағылшын, орыс тілдері.
1.4. Байқау ашықтық, әділдік, академиялық адалдық, авторлық құқықты сақтау, деректер қауіпсіздігі және этикалық жауапкершілік қағидаттарына негізделеді.
- Мақсаты мен міндеттері
2.1. Мақсаты: тіл саясатын іске асыруға, қазақ тілін меңгеруді тиімді ұйымдастыруға, терминология мәселелерін жүйелі шешуге және жасанды интеллект көмегімен тілдік міндеттерді орындауға бағытталған ғылыми мақалаларды анықтау, қолдау және жариялау.
2.2. Міндеттері:
тіл саясатына қатысты ғылыми ізденістерді ынталандыру;
қазақ тілін оқыту/үйретудің цифрлық-әдістемелік шешімдерін қолдау;
терминологияны жүйелеу, сараптау, дерекқор және стандарттау үдерістерін жетілдіретін бастамаларды ілгерілету;
ЖИ негізіндегі тілдік сервистерді дамыту;
студенттер мен магистранттардың ғылыми-инновациялық әлеуетін арттыру.
- Байқау бағыттары
Ғылыми мақала төмендегі бағыттардың біріне ұсынылады:
- Қазақ тілін меңгеруге арналған әдістемелік, цифрлық шешімдер.
- Терминология.
- Қолданбалы лингвистика.
- ЖИ негізіндегі тілдік сервистерді дамыту.
- Қатысу шарттары
4.1. Офлайн/онлайн қатысу.
4.2. Мақала түпнұсқада ұсынылуы тиіс.
4.3. ЖИ қолданылған мақалаларда дербес деректерді қорғау, қауіпсіздік, академиялық адалдық және этика қағидаттарын сақтау міндетті.
- Өткізу тәртібі және кезеңдері
5.1. Байқау 2 кезеңнен тұрады:
I кезең – Баяндама жасау
- күні: 2026 жылғы 17 сәуір
- форматы: офлайн/ онлайн
- уақыты: 5 минут
IІ кезең – Қорытындылау және марапаттау
- күні: 2026 жылғы 17 сәуір
- форматы: онлайн/офлайн (Ұйымдастырушының шешімі бойынша).
- Ұсынылатын материалдар
- Өтінім (Қосымша 1). Ғылыми мақала.
Қатысушылар материалдарды adistemelab25@gmail.com поштасына жолдайды.
- Мақала материалдары – мәтін, соның ішінде автордың аты-жөні, мақала атауы, аңдатпа және мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі түйінді сөздер, жарияланым тіліндегі әдебиеттер, ағылшын тіліндегі әдебиеттер және транслитерация, суреттер және атаулары бар кестелер бір файлмен ресімделеді;
- Шрифт Times New Roman-12, жиектері – жоғарғы және төменгі – 2 см, сол жақ – 3 см, оң жақ – 1,5 см, абзац – 1,25, жоларалық интервал – 1.
- Мақала материалының құрылымы келесідей болуы тиіс:
- ӘОЖ – жоғарғы сол жақ бұрышында;
Авторлар туралы мәлімет, мақала аты үш тілде беріледі;
Бірлескен авторлар рет санымен нөмірленеді;
Мақала мәтіні тіліндегі аңдатпа, түйін сөздер – қазақ тіліндегі мәтін үшін орысша және ағылшынша, орыс тіліндегі мәтін үшін қазақша және ағылшынша, ағылшын тіліндегі мәтіндер үшін қазақша және орысша беріледі. Түйін сөздер 5-8 сөзден кем емес;
- Мақала мәтіні келесі ретпен ұсынылуы керек:
Кіріспе
Әдістеме және зерттеу әдістері
Талқылау мен бақылау
Нәтижелер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі (8-10 атаудан кем емес).
- Қазақ тіліндегі мәтінді кириллицадан латын қарпіне көшіруді https:qazlat.kz сайтында жасауға болады. Орыс тіліндегі мәтінді латын қарпіне көшіруді http:www.translit.ru сайтында жасауға болады;
- Интернет сайтқа сілтеме берген жағдайда сайт, тақырып көрсетіледі;
- Зерттеулерді іріктеу
7.1. Іріктеу тәуелсіз сарапшылар арқылы жүргізіледі.
7.2. Іріктеу арнайы критерийлер бойынша жүзеге асады.
7.3. Плагиат анықталған жағдайда мақала шеттетіледі.
7.4. Сарапшылардың шешімі түпкілікті болып саналады.
- Марапаттау және қолдау
8.1. I орын, II орын, III орын белгіленеді.
8.2. Марапат түрлері: диплом, сертификат, алғысхат.
8.3. Іріктелген мақалалар «Тіл және қоғам» халықаралық ғылыми журналында жарияланады.
- Авторлық құқық және жариялау
9.1. Авторлық құқық толықтай қатысушыда сақталады.
- Байланыс ақпараты
Ұйымдастырушы: «Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒПО» КеАҚ
Тел.: 8 708 325 66 95
E-mail: adistemelab25@gmail.com
_______________
Қосымша 1
ӨТІНІМ
- Мақаланың атауы:
- Бағыты:
- Қатысушылар туралы деректер: аты-жөні, ЖОО атауы, курс, оқу бағдарламасы, қала, байланыс нөмірлері немесе поштасы;
- Жоба жетекшісі туралы деректер: аты-жөні, ЖОО, ғылыми дәрежесі (бар болған жағдайда), қала, байланыс нөмірлері немесе поштасы.
Баға беріңіз