БАЛАЛАРДЫҢ ҚУАНЫШЫНДА ШЕК ЖОҚ

Тіл саясаты Комитетінің төрағасы Әділбек Қаба мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Ербол Тілешов 1 маусым халықаралық балаларды қорғау ...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

01 маусым, 2022

Фарида Аманкелдіқызы сөзінің бұлтартпас дәлеліндей әдемі безендірілген қабырғалар көз арбап, ертегілер әлеміне қол бұлғайды. Балабақша соңғы үш жыл бойы балалардың тілдік танымын, зерттеушілік қабілетін арттыру мақсатында, әрі жастайынан әлеуметтенуіне жол ашу үшін «Экономикалық тәрбие арқылы әлеуметтік ортаға бейімдеу» тақырыбында эксперименттік алаң жұмысын жүргізіп келді. Бұл да құптарлық жәйт.

Балалар мекемесінің жұмысымен танысқан Әділбек Күнесханұлы жас жеткіншектердің бұдан кейін қазақтілді мектеп қабырғасына жолдама алуы еліміздің болашағы мен мемлекеттік тілдің мәртебесі үшін қаншалықты маңызды екенін айтып, өз кезегінде ана тілімізде білім алған түлектердің ғылым мен өндірісте, өнер мен спортта әлемдік деңгейде танылып жатқаны туралы арнайы ақпараттық-насихаттық материалдар дайындау қажеттігіне тоқталды. Бұл сонау кеңестік кезеңнен әлі қыр соңымыздан қалмай келе жатқан «орыс тілінде білім алған баланың өмір жолы табысты» деген сыңарезу стереотипті ұғымнан үзілді-кесілді арылуға жәрдемдеседі.

Ф.Достоевский «Әлемнің бар қайысы баланың бір тамшы көз жасына тұрмайды» деген екен. Шынында, риясыз көңілден төгілген бала күлкісіне жетер ешнәрсе жоқ. Бақыт деген, сірә, осы! Жүздері бал-бұл жанған бүлдіршіндер бірінен кейін бірі шығып мереке барысында өнерін көрсетіп бақты.

Кездесу соңында балаларға ертегілер, аңыз әңгімелер мен қызықты ойындардан тұратын бірнеше кітапты сыйға тартты.

Бұдан кейін Ербол Ердембекұлы қаладағы №64 «Асыл бөбек» арнаулы балалар бақшасына барды. Ол жерде де қызықты жүздесулер жалғасты.

Баға беріңіз