Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқау өтеді

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқау өтеді
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті тапсырысымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Тіл оқыту орталығы оқытушылары арасында «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқау» өткізеді.
Байқау кезеңдері:
• Бірінші кезең: «Қазақ тілі сабағында заманауи технологияларды тиімді пайдалану» тақырыбында В2 деңгейіне сәйкес сабақ презентациясын дайындау.
• Екінші кезең: Қатысушылар ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап береді.
• Үшінші кезең: Тыңдаушылар саны 5-10 адамнан және өзге этнос өкілдерінен тұратын сынама топпен В2 деңгейінде сабақ өткізу.
Жеңімпаздар арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтарға ие болады.
Өтетін орны: Қарағанды қаласы
Өтінім қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 28 шілдеге дейін
Бірінші кезең тапсырмаларын қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 29 тамызға дейін
Өтінімдер мен сұрақтар бойынша байланыс: adistemelab25@gmail.com, +7 771 366 66 99
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқауға қатысып, қазақ тілінің дамуына және оқыту сапасын арттыруға үлес қосыңыз!
Баға беріңіз