ӘУЕЖАЙДА ҚАЗАҚ ТІЛІ ҚАЛЫҚТАДЫ

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Қазақстан халқы тілдерінің күні аясында жұмыскерлердің мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін арттыру, мәртебесін көтеру, қазақ тілінде таза сөйлеуге, сауатт...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

14 қыркүйек, 2023

Мәселен «Сауатты жазу – біліктілік өлшемі» атты диктант жазу байқауы мен «Менің жұмыс орным – әуежай» үздік шығарма сайысы өткізілді.

Мұның әуежай қызметкерлерін шабыттандырғаны сондай, тіпті кейбір қатысушылар өз ойларын өлең жолдарымен жеткізген. Авиациялық қауіпсіздік инспекторы Теміржанов Бақтыбайдың шығармасы 9 шумақ өлең жолынан тұрады. Сондай-ақ, авиациялық қауіпсіздік қызметінің әкімшілік бөлімі инспекторы Орынғалиева Назерке, жолаушыларға қызмет көрсету қызметінің кіші агенті Ақтілеуова Мәдина, кадр қызметінің маманы Сисанова Жазира әуежай туралы, өздерінің жұмыс орындары туралы өлең жолдарын арнаған. Байқау әуежай жұмыскерлері арасында қазақ тілін өте жоғары деңгейде меңгерген, аспанға ғашық адамдар көп екенін көрсетті.

«Ана тілің – арың бұл...» шығармашылық конкурсы (қазақ халық аспаптарында күй, терме орындау, ән салу, өлең мен прозаны мәнерлеп оқу, сахналық қойылым және т.б.) байқауына қатысушылардың өнерін Қоғам Басқармасының төрағасы Ерғазы Әбірұлы Жолдасов төрағалық еткен, құрамына кәсіподақ төрайымы Гүлжән Дүйсембіқызы Шәмкенова, төрағаның кеңесшісі Ислам Айдарбекұлы Ищанов енген қазылар алқасы бағалады.


Жиналғандар өз әріптестері орындаған белгілі қазақ ақындары мен композиторларының шығармашылығын тамашалады. Әр қызмет жетекшілік ететін басшыларымен бірге өз командасына қолдау көрсетті.

Қоғамда өткізілген іс-шаралардың қорытындысы шығарылып, диктант, шығарма жазудан үздік бағаға қол жеткізген жұмыскерлер, сондай-ақ, шығармашылық конкурста «Үздік термеші», «Үздік күйші», «Үздік әнші», «Мәнерлеп оқу» «Ең ұйымшыл ұжым» номинациялары бойынша үздік жұмыскерлер мен белсенділік танытқан ұжым Басқарма төрағасының Алғыс хаттарымен марапатталып, оларға сыйлықақы қарастырылды.



Қоғамның баспасөз қызметі өткізілген іс-шаралар туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде жариялады.


Баға беріңіз