АҚТӨБЕДЕ «ТІЛ – ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай «Тіл – халық қазынасы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шараға мемлекеттік ме...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

08 қыркүйек, 2023

Дөңгелек үстелді облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы М.Жанасова кіріспе сөзбен ашып, өңірдегі тілдерді дамыту бағытында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар туралы кеңінен баяндап берді.

Бас қосуға ҚР ҰҚП «Атамекен» Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы Р.Тәжібаев, Ақтөбе облысының Әділет департаменті әкімшілік бөлімінің бас маманы Ә.Ермағамбет, Ақтөбе облысының нотариаттық палатасының нотариусы К.Зейнуллина, Ақтөбе облысының прокуратурасының басқарма прокуроры Ж.Қанатбаева, «Қазпошта» АҚ инфрақұрылым, жабдықтау және қорларды басқару бөлімінің бас маманы Б.Акбалиева, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының PR-менеджері И.Жұмабаева, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ филология ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Алдашев және тіл жанашырлары қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қызметінде кездесетін мәселелерге тоқталып, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Тіл саясаты төңірегінде сөз қозғап, нақты ұсыныстар айтылды.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Ақтөбе облыстық ұйымының төрағасы Р.Рахиев қазақ тілін білу бір бөлек те, қазақ тілінде сөйлеу бөлек екенін атап өтті. Елімізде ғұмыр кешіп жатқан азаматтардың қазақша түсіне тұра, біле тұра сөйлемейтін жағдайларына тоқталды.

Дөңгелек үстел «Туына қарап, тілін таны» атты интелектуалды ойынмен жалғасын тауып, соңында қатысушыларға өз ұстанымдарын анық білдіріп, мемлекеттік тілді дамытуға, қолдану аясына кеңейтуге қосқан үлесі үшін Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығы директоры К.Х.Сергазинаның Алғысхатымен марапатталды.



Гүлсайран Төлегенова,

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы

«Тілдерді оқыту орталығы» КММ директорының орынбасары


Баға беріңіз