«АБАЙ ИНСТИТУТЫ»: ІЗДЕНІСТЕР МЕН ІРГЕЛІ ІСТЕР

Тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қазақ тілін, әдебиеті мен мәдениетін ілгерілетуді, танымал етуге бағытталған Қазақстанда және шетелдердегі қ...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

22 қараша, 2023

Мұның басты мақсаты Қазақстан Республикасының консулдықтары арқылы және бірлесіп орындауға мүдделі отандық және шетелдік мекемелер мен ұйымдарды серіктестіктер арқылы бүкіл әлем бойынша қазақ тілін насихаттау, қазақ тілін халықаралық деңгейде беделін арттыру, қазақ мәдениетімен, руханиятымен таныстыру, шетелдердегі қазақ диаспоралары мен ирреденттері үшін қазақ тілін меңгеруді ілгерілету, тереңдетуге және Абайдың шығармашылығы мен идеяларына арналған іс-шаралар ұйымдастыру болып табылады. Бағдарлама аясында ел азаматтары, шетелдегі қандастар мен шетел азаматтары қамтылады.

«Абай институты» Қазақстан Республикасының консулдықтары бар түркітектес, славянтектес елдер мен алыс шетелдерде іске асырылып жатыр.

Шетелдегі қазақтар өздері өмір сүретін мемлекеттерде сол елдің тілін меңгеріп, жалпы құндылықтарымен өмір сүреді. Дегенмен қазіргі таңда қазақ диаспорасы өкілдерінің қазақ тілін меңгеруі басты мәселеге айналып отыр. Атап айтқанда, қазақ мектептерінің жай-күйі, қазақша оқытатын курстардың жағдайы, қазақ тілін үйрететін оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуі, Қазақстанға қоныс аударғысы келетін, жоғары оқу орындарына түскісі келетін жастардың мектеп бағдарламасынан бейхабар болуы, қазақ тілінде газет-журнал басып шығарудың жағдайы, қазақ тіліндегі радио, теледидар бағдарламаларының жағдайы, қазақ тілінде қазақстандық радио және телеөнімдердің өзге елдерде таратылу жағдайы басты назарға алынады.


Соның бірі қазақ диаспорасына қазақ тілін үйрететін әмбебап басылым – сандық технологияға негізделген, баспа және электрондық нұсқадағы деңгейлік кешенді мультимедиалық өнім. Осылар арқылы қазақ тілін үйрету, қазақ мәдениетін дәріптеу курстарын әртүрлі жастағы азаматтарға қолжетімді ету, онлайн/офлайн курстардың сапасын арттыру, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оқытудың қазіргі заманғы нысандарын, әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу, тіл үйренушілердің айтылым дағдысын жетілдіру арқылы, қазақ тілінде сөйлеушілердің санын арттыру жүзеге асырылады.

Бірінші кезекте, қазақ тілін, әдебиеті мен мәдениетін ілгерілетуді, танымал етуге бағытталған республикада және шетелде қазақ тілді оқыту, қазақ тілінде ашық білім беру бағдарламаларының жалпыға қолжетімділігін қамтамасыз ету, қазақ тілін оқытуға арналған онлайн портал мен қосымшаларды дамытуды көздейді.


2020 жылы әлемнің 5 мемлекетінде 100-ге жуық қазақ тілін үйренушіге қазақ тілін үйреттік. Ал 2021-2020 жылдары бұл сынып саны 10-ға дейін артып, тыңдаушылар саны 200-ден асты. Бүгінгі күні Ресейдің Омбы қаласында орналасқан «Омбы қазақтары», Астрахан қаласындағы «Астрахан қазақтары» ұйымдарымен, Моңғолияның «Алаш Моңғолия» ұйымымен, Түркияның Ыстамбұл қаласындағы «Қазақ-Түрік қоры» қоғамымен, Анкараның «Көк Ту» қоғамымен, Францияның Париж қаласындағы «Әлем» қазақ қауымдастығымен, Австрияның Вена қаласындағы «Қазақ мәдениеті» қоғамымен жұмыс істеудеміз.

Сондай-ақ 2020 жылдан бері Иран Ислам Республикасындағы қазақтар көп шоғырланған қаласы Горган қаласында да, Венгрияның Будапешт қаласында қандастардың сұрауы бойынша офлайн сыныптар ашылып, 40-қа жуық қандасымыз қазақ тілін үйренді.

Бұл жұмыстар болашақта да өз жалғасын таба беретін болады.


Айгүл Орманова,

«Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒПО» КеАҚ

«Абай институты» бөлімінің жетекшісі


https://ult.kz/post/abay-instituty-izdenister-men-...


Баға беріңіз

Яндекс.Метрика